443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар 24-ке жетті

  • 175
  • UPD: 10:09, 05.03.2020
Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар 24-ке жетті

Бразилияның Сан-Паулу штатында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, бұған дейін табиғат апатынан 12 азаматтың көз жұмғаны хабарланған еді. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Осыған байланысты қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал апат кесірінен далада қалған азаматтарға азық-түлік пен уақытша баспана ұсынылуда.

Биыл Бразилияның оңтүстік-шығысы толассыз жауған жаңбырдан зардап шегіп отыр. Сөйтіп шелектеп құйған нөсер салдарынан су тасқыны мен лай көшкіні жүрді.

Хабар 24 телеарнасы