424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мысырда 1 маусымнан бастап туристер үшін жаңа визалық ереже енгізілмек

  • 742
  • UPD: 12:32, 05.03.2020
Мысырда 1 маусымнан бастап туристер үшін жаңа визалық ереже енгізілмек

Мысырда шетелдік туристердің елде 90 күнге дейін болуына рұқсат ету және жаңа бесжылдық виза енгізудің жаңа ережелері енгізілмек. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Туризмді және елдің туристік секторындағы инвестицияларды дамыту үшін азаматтары виза алуға құқылы елдердің санын 46-ға дейін көбейту туралы және туристердің елде болу мерзімін ұзарту, бес жылға арналған бірнеше мәртелік туристік виза құру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Жаңа виза бойынша туристер елге бірнеше мәрте кіре алады, бірақ елге бір кіргенде 90 күннен артық болмауы керек.Сонымен қатар мұндай визалар тек Египеттің консулдықтары мен электронды визаларды алуға арналған портал арқылы берілуі мүмкін. Сондай-ақ төлқұжаттарында АҚШ, Ұлыбритания немесе Шенген аймағы елдерінің визасы бар азаматтарға Египет визасын алу тәртібін жеңіл болмақ.

Сонымен қатар жаз айларында, яғни маусымнан тамызға дейін Луксор әуежайына тікелей келген туристердің визасына $10 жеңілдік жасалады. Қазіргі уақытта бірреттік туристік визаның құны $25, бірнеше рет виза $60 тұрады.

Айта кетсек, өткен аптада Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты жеті елдің азаматтарына электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатты. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Сонымен қатар Сауд Арабиясына қажылыққа бару уақытша тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы