423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус кесірінен әлемдік экспорт 50 млрд долларға қысқарды

  • 392
  • UPD: 17:55, 05.03.2020
Коронавирус кесірінен әлемдік экспорт 50 млрд долларға қысқарды

Қытайда коронавирустан өндіріс баяулап, дүниежүзінің сауда айналымына кері әсері ұлғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аспан асты еліндегі өндірістің тоқтауынан соңғы бір айда әлем елдерінің экспорты 50 миллиард долларға қысқарған. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясында осындай мәлімет жарияланды. Қытайдағы ахуалдан ғаламдық өндіріс тізбегі тұралаған. Сарапшылардың айтуынша, осы елдегі өндірістің баялауынан ең көп зардап шеккен машина жасау, техникалық құрал-жабдық және телекоммуникация салалары. Ал, ең көп жапа шекккен Еуроодақ, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Тайвань елі.

Хабар 24 телеарнасы