447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандық дәрігерлер науқастардың тез жазылуы үшін барын салып жатыр

  • 152
  • UPD: 17:51, 05.03.2020
Ирандық дәрігерлер науқастардың тез жазылуы үшін барын салып жатыр

Иранда дәрігерлер мен медбикелер коронавирусқа шалдыққан науқастардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қытайлық әріптестері сияқты би билеп, тіпті ән айтуда. Бұл науқастардың үрейге берілмей, жұқпалы дерттен тез жазылып кетуі үшін жасалуда. Бірақ Ислам Республикасында қоғамдық орындарда би билеуге тыйым салынған. Сондықтан биліктің мұндай бастамаға қалай қарайтыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, Иран – Қытайдан кейін коронавирус ең көп таралып жатқан елдің бірі. Бұл елде соңғы бір тәулікте дертті жұқтырғандардың саны 586-ға артып, індетке шалдыққандардың саны 3 мыңнан асқан. Вирустан 107 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы