422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда жүрдек пойыз рельстен шығып, 21 адам жарақат алды

  • 329
  • UPD: 17:58, 05.03.2020
Францияда жүрдек пойыз рельстен шығып, 21 адам жарақат алды

Францияда Страсбургтен Парижге кетіп бара жатқан жүрдек пойыз темір жолдан шығып кетіп, 21 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше оқиға Саверн қаласына жақын Ингенайм мекенінің маңында болды. Полицияның хабарлауынша, апат лай көшкінінен туындаған. Бірақ жүргізуші алдындағы кедергіні көріп, тежегішті басып, үлкен апаттың алдын алған. Қазір оқиға орынында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы