445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық қорғаныс агенттігінің қызметкері коронавирус жұқтырды

  • 99
  • UPD: 09:25, 06.03.2020

Еуропалық қорғаныс агенттігі орталық кеңсесіндегі бір қызметкер корронавирусты жұқтырғанын растады. Қазіргі кезде ол үйінде карантинге алынды. 

Науқас 23 ақпанда Брюссельге Италиядағы сапарынан қайтып келген. Онымен қатынасқан мекеменің барлық қызметкері екі апталық карантинге орналастырылды. Еуропалық қорғаныс агенттігі 13 наурызға дейін кездесулер мен жиналыстар өткізбеу ұйғарды. Ғимараттың өзінде дезинфекция жүргізілді. Жалпы Бельгияда бұл дертті 50 адам жұқтырды. Олардың көбі жақында Италияда болған екен.

Хабар 24 телеарнасы