426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мигранттар мәселесі: Түркия Грекияны айыптады

  • 375
  • UPD: 10:30, 06.03.2020
Мигранттар мәселесі: Түркия Грекияны айыптады

Грекия соңғы бір аптада өз шекарасынан 35 мың мигранттың өтуіне тосқауыл қойып, жүздеген босқынды қамауға алды. Соңғы күндері шекарадан мыңдаған заңсыз өту оқиғасы тіркелген.

Анкара грек тарапы келімсектерге шамадан тыс күш қолданып жатыр деп айыптауда. Түркия грек шекарасы маңына шоғырланған мигранттардың кері қайтуына жол бермеу үшін арнайы жасақ орналастырды. Ал мәліметке қарағанда, Түркияның Эдирне аймағынан грек шекарасына қарай 130 мың мигрант өтіп кеткен. Еске сала кетейік, Грекия шекарасындағы миграциялық дағдарыс ақпан айының соңынан басталды. Оған Идлибтегі ахуалдың ушығуы себеп.

Хабар 24 телеарнасы