432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен өзге елдердің Ауғанстандағы әскери қылмыстарын тергеу жалғасады

  • 269
  • UPD: 09:34, 06.03.2020
АҚШ пен өзге елдердің Ауғанстандағы әскери қылмыстарын тергеу жалғасады

Гаага халықаралық соты АҚШ пен өзге елдердің Ауғанстандағы әскери қылмыстарын тергеуді жалғастыруға шешім қабылдады. Ол 2003 жылдан бергі халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерді тексеруге бағытталған.

Оның ішінде «Талибан» радикалды қозғалысына қатысты істер де бар. Халықаралық сот бұл тараптар ауған жерінде түрлі азаптау әдістерін қолданды деп отыр. Алайда АҚШ, Ұлыбритания және ауған үкіметі мұндай айыпты жоққа шығаруда. Айта кетейік, Гаага халықаралық қылмыстық соты 2002 жылы құрылған. Ол әскери қылмыс, геноцид және адамзатқа қарсы әрекеттерді тергеумен айналысады. Бірақ АҚШ пен Ресей бұл соттың жұмысына қатысудан бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы