423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде пойыз апатынан 21 адам жараланды

  • 385
  • UPD: 14:48, 06.03.2020
Парижде пойыз апатынан 21 адам жараланды

Францияның Париж қаласындағы темір жол апатынан 21 адам зардап шекті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Белгілі болғандай электр пойызы шойын жолдан шығып кеткен. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Страсбург-Париж бағытында жолға шыққан көлікте барлығы 348 жолаушы отырған екен.  Әзірге апаттың нақты себебі анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы