411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада ер адам тоғыз күн бойы өңешіндегі пышақпен жүрген

  • 312
  • UPD: 18:50, 07.03.2020
Украинада ер адам тоғыз күн бойы өңешіндегі пышақпен жүрген

Украинаның Запорож облысында ер адам 9 күн бойы өңешіндегі пышақпен жүрген.

Ол тоғыз күн өткеннен кейін ғана дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Каменка-Днепровская қаласының тұрғыны дәрігерлерге 9 күн бойы тамағының ауырғанын айтып, жұтынудың қиындағанын және қан түкіріп жүргеніне шағымданады. Ақ халаттылар рентген жасап, онда ер адамның өңешінде ас үй пышағы тұрғанын көреді. Пышақтың қалай өңеште тұрғанын ол түсіндіре алмаған.

Фотода көріп тұрғандарыңыздай, пышақтың ұзындығы 23 сантиметрге жуық (егер темекі қорабының ұзындығы 9 см деп есептегенде).

Науқасқа шұғыл операция жасалады. Оның жағдайының күрт нашарлап кетуін болжаған дәрігерлер облыстық орталыққа жөнелтпеуді жөн көреді. Оның орнына Запорожьеден шұғыл әрекет ету және жедел медициналық көмек дәрігерлері өздері барған. Операцияны барлығы 15 дәрігер жасады.

Алайда, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Операциядан кейін оның жағдай нашарлап, біраз уақыттан кейін қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы