413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналдиньо түрмеге қамалды

  • 339
  • UPD: 16:32, 07.03.2020
Роналдиньо түрмеге қамалды

Жұма күні Парагвайдың құқық қорғау органдары Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рональдиноны республика аумағына кіру үшін жалған құжаттармен жүргені туралы істі тергеу аясында әкімшілік қамауға алды. 

Басылымның жазуынша, Роналдиньо өзінің ағасы және агенті Робертомен бірге Парагвай ұлттық полициясының қабылдау бөлімінде. Прокуратураның талабы бойынша оларды қонақ үйден жеткізген.

Еске сала кетейік, таяуда спортшы орналасқан қонақүй бөлмесінде тінту жүргізіліп, оның барысында құқық қорғаушылар Роналдиньо және оның ағасы Робертоның атына жазылған жалған төлқұжаттарды анықтаған. Екеуі де ұсталған болатын.

ABC Color

Хабар 24 телеарнасы