427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясында корольдік отбасының мүшелері қамауға алынды

  • 486
  • UPD: 20:17, 07.03.2020
Сауд Арабиясында корольдік отбасының мүшелері қамауға алынды

Сауд Арабиясында корольдік отбасының 3 мүшесі қамауға алынды. Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» пен «Уолл Стрит Джорнал» хабарлады.

Басылымдардың мәлімдеуінше, ұсталғандардың екеуі корольдіктің ең ықпалды тұлғалары. Нақтырақ айтқанда, корольдің інісі мен бұрынғы мұрагер ханзада. Екеуі де  кезінде Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігін басқарған. Қамалғандардың үшіншісі ханзада Наваф ибн Наиф. Әзірге олардың не себепті ұсталғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы