411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті

  • 235
  • UPD: 20:27, 07.03.2020
Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті

Бразилияның Сан-Паулу штатында су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 32-ге жетті.

Бұған дейін 24 азаматтың көз жұмғаны хабарланған. Тағы 46 адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Оған өрт сөндірушілерден бөлек жергілікті тұрғындар мен еріктілер де жұмылған. Ал апат салдарынан далада қалған азаматтарға жергілікті билік уақытша баспана ұсынды.

Айта кетейік, бұл аймаққа бір күнде бір айлық жаңбыр жауған.

Хабар 24 телеарнасы