448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: Оңтүстік Кореяда автокөлік скрининг орталықтары өз жұмысын бастады

  • 147
  • UPD: 09:32, 08.03.2020

Олар коронавирусты бірнеше есе қысқа уақытта анықтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автотұрақ іспетті бұл аумақты аймақты бетперде киген адамдар күзетеді. Бірақ мұнда коронавирус жоқ. Дегенмен тек көлікпен кіресіз. Тысқа шығуға болмайды. Әр көліктен тек бір адам тексеріледі.

Владислав Цой, тілші:

– Коронавирустың бар-жоғын тексеру үшін он минут уақыт қажет. Үш бекеттен өту керек. Қазір біз біріншісіне келдік.

Бірінші аялдамада тестен өтіп жатқан адамның деректері тіркеледі. Екіншісінде дене қызуы өлшенеді. Ал үшінші тұрақта мұрын және ауыз қуысынан сынама алынады.  

Ли Дже Джун, Коян қаласының мэрі:

– Дегу қаласында вирус таралуына байланысты тестілеуді қажетсінгендер саны екі есеге артты. Сондықтан біз осындай әдісті ойлап таптық. Өйткені ескі жүйе ескірген. Адамдар кезек күтіп тұрған кезде, олар бір-біріне коронавирус жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар тестен кейін дезинфекция жүргізу қажет болды, сондықтан тексеру отыз минуттан екі сағатқа дейін созылған. Жаңа жүйенің артықшылығы – адамдар мен дәрігерлер арасында ешқандай байланыс жоқ.

Үлгілер алынғаннан кейін зертханада тексеріледі. Мұндағы дәрігерлердің көмекшісі – роботтар. Тест нәтижелері алты сағаттан кейін дайын болады. Ал экспресс-тест үш сағат ішінде анықтай алады.

Ли Хек Мин, Корея лабораториялық медицина қоғамының індет мониторингі бойынша директоры:

– Бастапқыда коронавирусқа тексеруді қырық алты ұйым өткізді, қазір олардың саны екі есе өсті. Олардың арасында жеке ауруханалар бар. Нәтижелердің дәлдігі тоқсан бес пайыздан асады.

Мамандар Оңтүстік Кореяда бір есептен коронавирус жұқтырғандар санының жылдам өсуін тесттердің көбеюімен де байланыстырады. Өйткені елде күніне он алты мыңнан жиырма үш мыңға дейін адам тексеруден өтеді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы