426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі мешітте атыс болды

  • 420
  • UPD: 07:45, 09.03.2020
Париждегі мешітте атыс болды

Таяуда біреу Париждің солтүстік шығысындағы мешіт аумағында оқ жаудырған, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды BFMTV.

Полициядағы дереккөздің телеарнаға хабарлауынша, шамамен 20:00-де қаруланған біреу астананың 19-округіндегі мешіттің ішкі ауласына кіріп, сонда жүрген адамды атқан. Бұдан кейін мотороллерге мініп, ізін суытқан. Оның қайда кеткені әзірге белгісіз. Қолда бар дерекке сәйкес, атыс болған кезде оның басында шлем болған.

Абырой болғанда, жараланғанның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы