Ал Иранда коронавирустан соңғы бір тәулікте 49 адам қайтыс болып, дерттен көз жұмғандардың саны 194-ке жетті.
Бұл елде ақпан айында індет шыққаннан бері өлімнің ең көп тіркелуі. Ал вирусты жұқтырғандардың саны 6 жарым мыңнан асып кетті. Дерт елдің 31 аймағына таралған. Билік індеттің өршуіне тосқауыл қою үшін барлық мектептер мен жоғарғы оқу орындарын жауып, мәдени-спорттық шараларды өткізуге тыйым салды. Iran Air компаниясы Еуропаға рейстерін белгісіз уақытқа дейін шегерді.