429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та кесірлі вирусты жұқтырғандар саны артты

  • 401
  • UPD: 14:12, 09.03.2020
АҚШ-та кесірлі вирусты жұқтырғандар саны артты

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандардың саны 512-ге жетті. Кешеден бері дерттен тағы 2 тұрғын қайтыс болып, «КОВИД19»-дан көз жұмғандардың жалпы саны 21 болды.

Жұқпалы кеселден қаза тапқандардың көбі Вашингтон штатының тұрғындары. Бұл аймақта аурудан 18 адам қайтқан. Флоридада 2 кісі, Калифорнияда бір адам қайтыс болды. Жалпы індет елдің 33 штатына таралып, оның сегізінде төтенше жағдай енгізілген. Ал бұған дейін 21 жолаушыдан коронавирус анықталған «Гранд Принсес» круиз лайнеріне Оукленд портына кіруге рұқсат етілді. Жалпы кемеде 2 мың 422 жолаушы және 1 мың 111 экипаж мүшесі бар.

Хабар 24 телеарнасы