443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта робот коронавирусқа шалдыққан науқастарға қарайласып жүр

  • 125
  • UPD: 14:10, 09.03.2020
Таиландта робот коронавирусқа шалдыққан науқастарға қарайласып жүр

5G-ге қосылған «ақылды» робот Таиландттың 3 медициналық мекемесінде коронавируспен ауыратын науқастардың күтіміне жауапты.

Олар Чулалонгкорн университетінің инженерлік іс және медицина факультетінде құрастырылған.

«Машиналар бақылауға алынған адамдарда вирусты жұқтыру белгілері білінуін және дерт жабысқандардың жағдайын назарда ұстайды. Осылайша оның медициналық қызметкерлерге жұғу қаупін төмендетеді», – деп жазды жоба авторларының бірі.

Роботтар науқас пен дәрігердің арасында дәнекер іспетті. Болашақта осы секілді қан қысымы мен дене қызуын өлшейтін озық құрылғылармен жабдықталу көзделген.

life.ru

Хабар 24 телеарнасы