428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда мыңға жуық әйел шеруге шықты

  • 451
  • UPD: 15:42, 09.03.2020
Британияда мыңға жуық әйел шеруге шықты

Ұлыбританияда мыңдаған әйел шеруге шықты. Жиналғандар гендерлік теңдікті талап етіп, қоршаған ортаны қорғауға назар аударуға шақырды.

Белсенділердің пікірінше, табиғи апаттар кезінде ең алдымен нәзік жандылар зардап шегеді. Климаттық өзгерістер олардың денсаулығына, тамақ ішу және тұрғын-жай құқығына теріс әсер етпей қоймайды. Гендерлік теңдік мәселесі Ұлыбританияда әлі өткір күйінде тұр. Өткен жылы мемлекет тең құқылы әйелдердің әлемдік рейтингісінде 21-орынға тұрақтады. Біріккен Корольдікте әлі күнге дейін әйелдер саясатта аз кездеседі және еркектерге қарағанда аз ақша табады.  

1) Біз төтенше жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Консьюмеризмді тоқтатып, ұшақпен ұшуды азайтуымыз қажет. Өз басым пластикті аз пайдалануға тырысамын. Өзім вегетарианмын. Әрі жаңа заттар сатып алмаймын. Қайырымдылық дүкеніне барып, секонд-хенд киімдер аламын. Бұл менің өмірлік ұстанымым. 

2) Меніңше, әйелдерге жылына бір күнді ғана арнауға болмайды. Біз гендерлік теңдікті талап етеміз және біз нәзік жандарды әрдайым қолдап жүруіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы