448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада қор нарығы құлдырады

  • 149
Еуропада қор нарығы құлдырады

Еуропаның қор биржаларындағы сауда-саттық негізгі индекстердің құлдырауынан басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған мұнай бағасының күрт төмендеуі себеп. Сондай-ақ Кәрі құрлықта коронавирустың өршуі де өз кесірін тигізген. Еуропадағы 600 ірі компания акцияларының бағасын белгілейтін «СТОКС 600» индексі 6 процентке арзандады. Лондон қор биржасының индексі 8,8 процентке төмендеді. Одан бөлек, BP және Royal Dutch Shell мұнай алпауыттарының да акциялары арзандаған. Ал Сауда Арабиясының АРАМКО мұнай корпорациясы сауда-саттық кезінде өз құнының 10 процентін жоғалтқан.

Роберт Халвер, Baader Bank өкілі:

– Сауд Арабиясының өкілдері ашуға булығып отыр. Бұл түсінікті. Өйткені Ресей секілді өзге елдер мұнай өндіру көлемін қысқартқысы жоқ. Меніңше, 4 аптадан кейін жағдай өзгеріп шыға келуі мүмкін. Яғни қара алтын бағасы қымбаттауы ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы