419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


298 адам қаза тапқан Украинадағы ұшақ апатына қатысты сот процесі басталды

  • 311
  • UPD: 20:40, 09.03.2020
298 адам қаза тапқан Украинадағы ұшақ апатына қатысты сот процесі басталды Эксперт

Нидерландта 2014 жылғы Украинадағы ұшақ апаты күдіктілеріне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар – үш Ресей азаматы мен бір украиналық. Алайда күдіктілердің ешқайсысы сот процесіне қатыспады. Тек біреуінің ғана қорғаушысы келген. Негізі тыңдалым ашық тәртіпте өтуде. Кісі қарасы қалың. Сондықтан сот процесінің тікелей трансляциясын көрсету шешімі қабылданған.

Айта кеткен жөн, 2014 жылдың 17 шілдесінде Украинаның шығысында малайзиялық ұшақ атып түсірілген болатын. Ол Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып бара жатқан. Бортында отырған 298 адамның бәрі көз жұмды. Марқұмдардың дені Нидерланд азаматтары болғандықтан, сот процесі осы елде өтіп жатыр. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Халықаралық тергеу тобы құрылған. Оның құрамына Украина, Нидерланд, Бельгия, Австралия мен Малайзия өкілдері кірген. Тергеу тобы ұшақты ресейлік «Бук» кешенінен ұшырылған зымыран атып түсірді деп отыр. Алайда Ресей жағы мұны жоққа шығарды.

Роберт Ван Хейджнинген, қаза тапқан жолаушының туысы:

– Бүгін бір жағынан өкінішті күн, әрине. Алайда екінші жағынан сот процесінің ақырында басталғаны бізді, яғни апат құрбандарының жақындарын қуантып отыр. Шындыққа көз жеткізетін кез келді. Ұшақты кімнің атып түсіргенін білу біз үшін маңызды.

Хабар 24 телеарнасы