432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кипрда хирург коронавирусқа шалдығып, операциялар тоқтатылды

  • 504
  • UPD: 14:06, 10.03.2020
Кипрда хирург коронавирусқа шалдығып, операциялар тоқтатылды

Никосиядағы медициналық мекемеде хирургтың қауіпті вирус жұқтырғаны анықталып, жоспарланған операциялар екі тәулікке шегерілді.

Бұл туралы Cyprus Mail хабарлады.

Хризостомос Коккинос 64 жаста. Кардиохирург болып қызмет атқарады. Коронвирусты Ұлыбританияға барғанда жұқтырып келген. Елге 3 наурызда оралған, содан 8 наурыз, яғни  COVID-2019-ға тест тапсырғанша жұмысын істеген. Ол – Кипрда дүйсенбі күні бойынан кесел белгілері табылған екі адамның бірі.

Шұғыл жиылыстан кейін кешке денсаулық сақтау министрлігі барлық операцияны 48 сағатқа тоқтатқандарын айтты, ал бөлімшедегі науқастар жекеменшік ауруханаларға ауыстырылмақ.

life.ru

Хабар 24 телеарнасы