411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: ҚР СІМ Италия мен Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

  • 265
  • UPD: 12:37, 10.03.2020
COVID-19: ҚР СІМ Италия мен Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады delfi.ee

9 наурызда кешке Италия премьер-министрі Конте Джузеппе COVID-2019 коронавирусы елде таралуына байланысты мәлімдеме жасап, оған сәйкес Италияның барлық аумағы 10 наурыздан бастап «қызыл аймақ» деп жарияланды және төтенше шаралар енгізілді.

Атап айтқанда, еңбек қызметі, денсаулық жағдайымен байланысты сапарлардан және аса қажетті жағдайлардан басқа, ел бойынша маңызды себепсіз қозғалу шектелген, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта солтүстік өңірлерде орналасқан (Ломбардия аймағы және 14 провинция, сондай-ақ Милан, Бергамо, Тревизо, Болонья, Венеция және Римини қалаларының әуежайлары) Италия әуежайлары арқылы шетелдік азаматтардың келуіне және шығуына шектеулер қолданылуда. Аталған қалалардың аумағына туристер үшін кіруге тыйым салынады. Алайда шектеулер қоғамдық көліктің жұмысына қолданылмайды.

Бұған дейін Италияның мәдениет министрлігі ағымдағы жылдың 8 наурызынан бастап елдегі барлық мәдени мекемелердің жабылғанын жариялады. Ватиканда мемлекет-қала аумағындағы барлық мұражай, сондай-ақ Римдегі папалық базиликалар жанындағы мұражайлардың биылғы жылдың 3 сәуіріне дейін жабылуы туралы ескертілген.

Өз кезегінде Израиль өз аумағында COVID-2019 коронавирустың тарауынан қосымша қорғау шараларын қабылдайды. Атап айтқанда, Израиль үкіметі барлық елдерден келетін шетелдіктерді карантинге жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл ереже 9 наурызда сағат 20:00-ден бастап Израильге келетін барлық адамдар үшін күшіне енді.

Израиль аумағына елде болған толық кезеңде тұрақты мекенжайы бар және сол жерде карантинде болуы тиіс туристер ғана кіре алады.

Шетелден келгендерге арналған жаппай карантин алдағы екі апта бойы қолданылады, содан кейін үкімет жағдайды зерттеп, одан әрі шешім қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы