411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы малайзиялық ұшақ апатына қатысты сот отырысы өтті

  • 140
  • UPD: 15:53, 10.03.2020

2014 жылы Украинада атып түсірілген Boeing ұшағындағы жолаушылардың туғандары кінәлілерден ақшалай өтемақы талап етпек.

Бұл туралы кеше Нидерландта басталған соттың алғашқы отырысында мәлім болды. Сот төрағасының хабарлауынша, 84 жолаушының жақыны осындай өтініш білдірген. Жалпы оқиғаға байланысты 3 Ресей азаматы мен бір украиналыққа айып тағылып отыр. Бірақ күдіктілердің ешбіреуі процеске қатысып жатқан жоқ. Сот іс аяқталғанша күдіктілердің қатары артуы мүмкін екенін айтып отыр.

Йоланде Вэйннобэл, соттың баспасөз хатшысы:

- Бұл істе қазір 4 күдіктіге айып тағылып отыр. Олардың есімдері белгілі, аттары аталды. Бірақ тергеушілер істі тексеруді әлі жалғастыруда. Прокурор осы оқиғаға қатысты тағы өзге де азаматтарға айып тағуы мүмкін. Бірақ іс осы 4 күдіктімен шектеле ме жоқ па ол жағын сот шешетін болады.

Еске сала кетейік, 2014 жылы 17 шілдеде Украинаның шығысында Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып бара жатқан Малайзия әуе компаниясының ұшағы атып түсірілген. Лайнерде болған 298 адамның бәрі көз жұмды. Олардың көбі Нидерланд азаматтары. Тергеушілер ұшақты Ресейдің «Бук» зымыранымен атып түсірілген деген шешімге келді. Бірақ Ресей тарапы айыпты жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы