411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрия Италия азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

  • 198
  • UPD: 07:57, 11.03.2020
Австрия Италия азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

Австрия билігі Италиядан келген азаматтардың елге кіруіне шектеу қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған коронавирусқа қатысты қауіптің күшеюі себеп. Енді итальяндықтардың қолында вирустан таза екенін растайтын анықтама болу керек. Тек сол кезде ғана елге кіруге рұқсат беріледі. Одан бөлек, сақтық шарасы ретінде Австрияда 16 наурыздан бастап университеттерде сабақ болмайды. Үкімет компания басшыларынан қызметкерлеріне үйден жұмыс істеуге рұқсат беруін сұрап отыр.

Айта кеткен жөн, Еуропада коронавирусты жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асады. Бұл деректердің дені – шамамен 10 мыңы Италияда тіркелген. Сондықтан елдің бүкіл аумағында карантин жарияланды.

Себастьян Курц, Австрия канцлері:

– Біз қазір Италияда жүрген Австрия азаматтарын шұғыл түрде эвакуациялау мәселесімен айналысып жатырмыз. Олардың барлығы елге оралғаннан кейін 14 күн үйде карантинде болады.

Хабар 24 телеарнасы