443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландтың Пхукет аралында туристер саны күрт азайған

  • 92
  • UPD: 07:56, 11.03.2020
Таиландтың Пхукет аралында туристер саны күрт азайған

Пхукет елде танымалдығы бойынша екінші туристік орын саналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін аралға саяхаттап келушілердің дені қытайлықтар болатын. Алайда эпидемиядан кейін олардың қарасы байқалмайды. Өткен айда елге демалуға келгендердің саны былтырғы ақпанмен салыстырғанда, 44,3 процентке азайған. Айта кеткен жөн, Таиландта жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі – 12 процент. Соңғы дерек бойынша, елде коронавирусты жұқтырғандардың саны 53 адамға жеткен. Бір науқас көз жұмған.

Уирчари Срироболь, сатушы:

– Коронавирус кесірінен шаш етектен шығынға батып жатырмыз. Көшеде жүрген шетелдіктердің саны аз. Салдарынан күніне мың бат табудың өзі қиындап кетті. Өзге провинциялардан келіп жатқандар бар. Бірақ олардың сауда жасағысы жоқ. Мүмкін ақшаларын үнемдегісі келетін шығар.

Хабар 24 телеарнасы