443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Түркияға жетті

  • 391
  • UPD: 09:12, 11.03.2020
Коронавирус Түркияға жетті

Жаһанда коронавирус індеті дендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қауіпті кесел дерегі Түркияда тіркелді. Меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат түркиялық азамат COVID-2019 инфекциясын Еуропадағы сапары барысында жұқтырыпты деп хабарлайды. Қазір науқаспен байланыста болғандар 14 күндік карантинге алынды. Елдің денсаулық министрі вирус өзегелерге жұқпауы да мүмкін екенін алға тартады. Өйткені сақтық шараларына мін жоқ. Жалпы Түркияда қатерлі вирустың келуі болжанған. Себебі елмен шекаралас Ирак, Иран, Әзербайжан мен бірқатар Еуропа мемлекеттерінде коронавирус анықталғанына біршама уақыт болған еді. Қазір елде барлық денсаулық саласының қызметкерлері мен шекарашылардың еңбек демалыстары тоқтатылды.

Фахреттин Кожа, денсаулық сақтау министрі:

– Бір азаматымызда коронавирус анықталды. Науқастың дене қызуы жоғары болуына байланысты алдын ала тексерістен өткен. Жүргізілген эпидемиологиялық тергеу мәліметтері бойынша науқас коронавирустық инфекцияны Еуропада жұқтырған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы аса ауыр емес. Онымен байланыста болған барлық адам медициналық бақылауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы