425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сириядағы Саракиб қаласы миналардан тазартылуда

  • 212
Сириядағы Саракиб қаласы миналардан тазартылуда

Сирияда саперлер Саракиб қаласының түбіндегі стратегиялық маңызы зор шыңдарда минадан тазарту жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаңкестер бұл шыңдарды 7 жылдай өз уысында ұстап отырған. Сөйтіп, ол жерден артиллерия және ауыр мина атқыштардың көмегімен таяудағы елді мекендерді атқылап отырған. Жуырда Сирия әскері қарсыластарын қоршауға алған. Сондықтан содырлар Идлиб қаласына қарай қашуға мәжбүр болды. Енді жергілікті тұрғындар шыңдардың етегіндегі алқаптарда егіншілікпен айналыса алады. Ал Саракиб қаласының өзін содырлар ақпанның аяғында басып алған болатын. Алайда 2 наурызда үкімет жасағы оны өз бақылауына кері қайтарған еді.    

Хабар 24 телеарнасы