421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Иран жазасын өтеушілерді түгел босатуы тиіс

  • 403
БҰҰ: Иран жазасын өтеушілерді түгел босатуы тиіс

Коронавирустың таралуына байланысты Тегеран түрмедегі азаматтардың бәрін уақытша босатқаны абзал, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ирандағы адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Явид Рехман Тегеранға осындай өтініш білдірді. Айтуынша, тұтқындар әрі қарай түрмеде қала берсе, олардың коронавирус жұқтыру қаупі одан сайын арта түспек. Бұл әсіресе, саяси тұтқындар мен қатаң жазаға тартылғандарға қатысы бар дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иран билігі індеттің түрмеде таралуына жол бермеу үшін 70 мың тұтқынды уақытша босатқан еді. Бірақ Явид Рехманның сөзінше, бостандыққа жазасын өтеу мерзімі 5 жылға жетпеген азаматтар ғана шыққан. Ал саяси тұтқындар сол күйі түрмеде отырған көрінеді. Сондықтан ол сотталушылардың бәрін босату керектігін айтады.

Айта кетсек, бүгінде Иранда 8 мың адам коронавирус жұқтырған. 291 адам қауіпті дерттің құрбаны болады.

Хабар 24 телеарнасы