427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдық ғалымдар: Елде коронавирустың өршуі 12 аптаға созылуы мүмкін

  • 992
  • UPD: 11:55, 11.03.2020

Британдық ғалымдар елде коронавирустың өршуі 12 аптаға созылуы мүмкін деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және 65 миллион халқы бар елдің 20 проценті індет жұқтыруы ғажап емес деген де пікір айтылды.

Лондон қаржы биржасының индексі құлдырағаннан кейін Еуропа қор нарықтарына жан кіріп, қайта қалпына келе бастады. Еске салсақ, дүйсенбіде мұнайдың әлемдік құны күрт төмендеуі әсірінен акциялар арзандап, 12 жылдан бері болмаған қаржы дағдарасының тағдырын қайталаған-ды.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

– Лондон қор биржасының FTSE-100 индексі дүйсенбіде бір күн ішінде алты мың тармаққа дейін түсіп, жеті бүтін оннан жеті пайызбен аяқтады. Бұл – 2008 жылдан бергі ең ірі күндізгі уақытта болған құлдырау. Айта кету керек, FTSE-100-ді есептегенде, капиталдандырылуы басым 100 компанияның акциялары негізге алынады. Олардың құнды қағаздарының жиынтық бағасы шамамен 150 миллиард стерлинг фунтына дейін төмендеді. Еске сала кетейін, дүйсенбі күні Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы мұнайға қатысты қаржы қақтығысы қаупінен нарықтар абдырап қалған болатын. Бірақ 30 пайызға дейін құлаған мұнай бағасы сәл де болса қалпына келіп, ал Brent маркілі мұнай сегіз пайызға өсті. Франция және Германияның негізгі қаржы индекстері де ұлғайып, екі пайыздан жоғары көтерілді.

Иан Уолкер, сарапшы:

– Нарықтар өте сезімтал. Алдымен әрекет етіп, кейін ойлана бастайды. Менің ойымша, ақырында бәрі өз орнына келеді. Бірақ қысқамерзімді кезеңде тағы бір құлдырау болуы мүмкін. Егер тиісті шаралар қолға алынбаса.

Ірі орталық банктер қаржы жүйесіне қолма-қол ақша құюды мойындарына алып үлгерді. Үкімет экономикалық соққыға төтеп беру жолдарын қарастырып жатыр. Олар ақша қарызға беріп, кеңейе алатын компанияларды ынталандыру үшін әрекет етпек. Айтпақшы, нарықтың құбылмалылығы британиялықтарға тікелей әсер етпейді. Өйткені олар құнды қағаздарға ақша салмайды. Дей тұрғанымен, халық арасында зейнетақы жинақтарын құнды қағаздарға инвестициялағандары да бар.

Айта кетейік, сейсенбі күні кейбір әуе компанияларының акциялары ерекше белсенділік танытты. Сонымен қатар мұнай және тау-кен өндірісі саласы компанияларының да асығы алшысынан тұрды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы