412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фоторепортаж: коронавирустың құрсауында қалған Италия

  • 350
  • UPD: 20:06, 13.03.2020
Фоторепортаж: коронавирустың құрсауында қалған Италия Reuters

Бұл жағдайға байланысты ҚР СІМ мәлімдеме жасаған болатын.

Елде барлық спорттық іс-шараларды, футбол мачтарын өткізуге тыйым салынған. Мектептер мен жоғары оқу орындары да жабық. Сапиенца университетіндегі мына көрініс сөзімізге тұздық болар.

Жұмысына немесе отбасына байланысты шұғыл шаруалары бар адамдарға ғана көшеде жүруге рұқсат.

Reuters жариялаған суреттерден туристер толастамайтын Апеннин түбегіндегі елдің көшелері қаңырап қалғанын көруге болады. Тіпті Римдегі Колизейдің маңында да серуендеп жүрген жан жоқ.

Ал Треви субұрқағының алдында суретке түсу үшін енді кезекке тұрудың қажеті жоқ.

Римдегі Испания баспалдағы та бос тұр.

Супермаркетке кезекте тұрған адамдар да қажетті арақашықтықты сақтауға тырысады.

Венециядағы Сан Марко алаңында да полицейлерден өзге адам көрінбейді.

Мейрамханалар болса шығынға батып жатқаны анық.

Гранд-арнадағы гондолалар – Венециядағы басты көлік құралы. Бірақ қазір олардың өзін ешкім пайдаланбай қойған тәрізді.

Милан шіркеуі орналасқан алаңда да тек бірен-саран адамды көруге болады. Олардың өзі үйлеріне асығып бара жатқандай.

Миландағы Виктор Иммануиль ІІ атындағы галереяда әншейінде туристер суретке түсетін бос жер таппай әлек болатын. Ал бүгінде...

Австрия билігі Италиядан келген азаматтардың елге кіруіне шектеу қойды. Оған коронавирусқа қатысты қауіптің күшеюі себеп. Енді итальяндықтардың қолында вирустан таза екенін растайтын анықтама болу керек. Тек сол кезде ғана елге кіруге рұқсат беріледі. Бірақ шекарада міндетті түрде арнайы аппараттармен дене қызуы өлшенеді.

Дайындаған: М.Асылбек

Хабар 24 телеарнасы