432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа байланысты Берлиндегі Рейхстаг ғимараты жабылды

  • 122
  • UPD: 21:52, 11.03.2020
Коронавирусқа байланысты Берлиндегі Рейхстаг ғимараты жабылды

Коронавирус Германияның барлық аймағына тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәліметтер бойынша бұл дертті бір жарым мыңнан аса адам жұқтырды. Екеуі ауру салдарынан қайтыс болды. Ең көп науқас Солтүстік-Рейн Вестфалия, Бавария және Баден-Вюртемберг өңірлерінде тіркелген. Төртінші орында Берлин тұр. Бұл шаһарда коронавирус 54 адамға жұққан. Індетке байланысты Рейхстаг ғимараты жабылды. Туристер көп баратын бұл кешен жылына 2 миллионнан астам қонақ қабылдайтын. Елдің кейбір өңірлерінде мыңнан аса адам қатысатын бұқаралар шаралар өткізуге тыйым салынды. Осыған байланысты көптеген концерттер мен көрмелер өтпейтін болды. Ал футбол ойындарына көрермендер жіберілмейді. Германия үкіметі коронавируспен күреске бір миллиард еуро бөлетінін жариялады.

Лотар Вилер, Роберт Кох атындағы институттің президенті:

- Бүкіл елді мекендердің басшыларын төтенше жағдайларға арналған жоспарды іске қосуға шақырамын. Ауруханалар ауыр халдегі науқастар көбейетініне дайын болуы керек. Бұл індеттің тек басталған кезі. Барлық қызметтер өз жұмысын жауапты атқарса, елімізде вирустың таралуын тоқтата аламыз.

Хабар 24 телеарнасы