447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі қатаң режимде жұмыс істеп жатыр

  • 119
  • UPD: 22:50, 11.03.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтыру деректері азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда ел астанасында жағдай мәз емес. Шаһардың Синдорим ауданында орналасқан call-орталықтың 93 қызметкерінде  коронавирус анықталды. Қазір мамандар вирустың бұл ұйымға қайдан тарағанын анықтап жатыр. Ал, бүгін Сеулде өткен брифингте қала мэрі осы call-орталығының екі қызметкері Синчонджи діни ағымының өкілі болғанын хабарлады. Айта кетейік, бұдан бөлек аймақтағы Кёнхи мен Ханьянның екі университеті және KBS атты ірі мемлекеттік телекомпанияда да осы індет табылып отыр. Қазір науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы карантинде. Аталған университеттерде қазақстандықтар да білім алуда. Қазір студенттер демалыста болғандықтан, вирус жаппай тарала қойған жоқ. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі де қатаң режимде жұмыс істеп жатыр. Мекемеде қызметкерлер арнайы қорғаныс киімдерде жүр.

Аслан Асқар, ҚР Кореядағы елшілігінің консулдық бөлім жетекшісі:

- Консулдық бөлімінде арнайы жұмыс уақыты ұзартылды. Арнайы режимге өттік. Негізгі жұмысымыз – Қазақстан азаматтарын қабылдап және телефон арқылы тиісті ақпарат беріп жатырмыз. Көбісі естігеннен кейін студент тарапынан Қазақстанға қайтқысы келген азаматтар болды. Оларға да дұрыс ақпарат беріп жатырмыз.

Қазір call-орталық уақытша жабық. Билік өкілдерінің айтуынша, вирустың таралмауын тоқтату оңайға соқпайды. Мәселен бұл ғимаратта неке қию залы мен әлемге танымал кофехана орналасқан.

 

Хабар 24 телеарнасы