421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды

  • 615
  • UPD: 09:26, 12.03.2020
Индонезияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды

Индонезияда коронавирустан алғашқы кісі өлімі тіркелді. Мұнда 53 жастағы шетелдік әйел көз жұмған.

Жалпы елде індетке 27 адамның шалдыққаны белгілі. Сондай-ақ қауіпті вирусқа байланысты алғашқы қайғылы оқиғалар Бельгия мен Мароккода тіркелді. Екі жағдайда да қарт кісілер қайтыс болған. Ал бұған дейін індетті жұқтырудың алғашқы деректері Түркияда, Конго Демократиялық Республикасы мен Ямайкада тіркелген. Соңғы мәлімет бойынша вирус әлемнің 110 еліне таралған. Жұқтырғандар саны 113 мыңнан асады. 4 мыңнан астам адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы