426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Том Хэнкс пен оның әйелі коронавирус жұқтырды

  • 367
  • UPD: 13:27, 12.03.2020

Америкалық актер, «Оскар» сыйлығының иегері Том Хэнкс әйелі Рита Уилсон екеуінің коронавирус жұқтырғанын айтты.

«Сәлем, достар. Қазір Рита екеуміз Австралиядамыз. Біз біраз ауырдық. Коронавирусқа байланысты тексеруден өттік, нәтижесінде вирусты жұқтырғанымыз анықталды», - деп жазды Том Twitter-де.

Ерлі-зайыптылар алғашында суық тию белгілерін сезген.

Айта кетсек, 63 жастағы актер жұбайы екеуі Австралияға жергілікті кинорежиссер Баз Лурманның әнші Элвис Пресли туралы фильмінің түсіріліміне барған. Хэнкс бұл кинода әншінің менеджері Том Паркердің рөлін сомдайды.

Хабар 24 телеарнасы