445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Том Хэнкстің ұлы ата-анасының жағдайы туралы айтты

  • 149
  • UPD: 12:15, 13.03.2020
Том Хэнкстің ұлы ата-анасының жағдайы туралы айтты parismatch.com

Голливуд актері Том Хэнкстің ұлы Чет Хэнкс ата-анасымен телефонмен сөйлескенін, олардың коронавирус жұқтырғанын растады.

«Иә, бұл – рас ақпарат. Ата-анамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Бұл ақылға қонбайды. Қазір екеуі де Австралияда, әкем сол жақта фильмнің түсіріліміне қатысып жатқан. Олармен телефон арқылы сөйлестім. Екеуі де бәрі жақсы екенін, бірақ медициналық көмекке мұқтаж екенін айтты. Сіздердің уайымдап жатқандарыңызды бағалаймын. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Күтініңіздер», – деді Чет Хэнкс өзінің instagram-дағы парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

??❤️

Публикация от ???? ????? ?? (@chethanx)

Бұған дейін «Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері Том Хэнкс әйелі Рита Уилсон екеуі коронавирус жұқтырғанын Twitter-дегі парақшасында мәлімдеген болатын.

«Құдды суық тиген секілді өзімізді шаршаңқы сезіндік. Аздап қалтырау болды. Сондықтан коронавирусқа тексерілгеніміз дұрыс деп шештік. Ал оның нәтижесі оң болып шықты», – деп жазды 63 жастағы америкалық актер.

Австралияның SBS арнасының хабарлауынша, актер жұбайы екеуі жасыл құрлыққа жергілікті кинорежиссер Баз Лурманның Элвис Пресли туралы фильмінің түсіріліміне келген. Хэнкс бұл кинокартинада әншінің менеджері Том Паркердің рөлін сомдайды.

Әзірге жұлдызды жұптың қай жақта ем қабылдап жатқаны белгісіз.

Бүгінгі таңда Австралияда коронавирус жұқтырудың 128 дерегі тіркелген. Алғаш рет 25 қаңтарда Мельбурнде анықталған. Індеттен үш адам көз жұмып, 21 адам айыққан.

Хабар 24 телеарнасы