418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп еуропалықтардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салды

  • 348
  • UPD: 11:58, 12.03.2020
Трамп еуропалықтардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп еуропалықтарға Америка аумағына кіруге тыйым салды.

Шектеу 30 күнге созылады. Осыған байланысты теңіз және әуе қатынастары тоқтатылған. Ақ үй басшысының сөзінше, Еуроодақ коронавирустың таралуын тоқтату үшін Құрама Штаттар секілді қажетті сақтық шараларын қабылдамаған. Сондықтан осындай шешімге келген. Дегенмен, аталған шектеу Ұлыбританияға қатысы жоқ. Ал бұл елде бүгінде коронавирус жұқтырудың 460 дерегі тіркелген.  

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында АҚШ-та вирус жұқтыру деректері Еуропамен салыстырғанда аз. Ал Еуроодақ коронавирустың қарқын алуына байланысты қауіпсіздіктің қамына кіріспей, Қытайдан келетіндеге шекараны жапқан жоқ. Нәтижесінде АҚШ-та тіркелген ауру жұқтыру деректерінің көбіне  Еуропадан келген саяхатшылар себепкер болды.

Хабар 24 телеарнасы