447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактағы АҚШ базасы әуеден атқыланды

  • 193
  • UPD: 14:01, 12.03.2020
Ирактағы АҚШ базасы әуеден атқыланды

Иракта АҚШ пен Ұлыбритания әскери базасы зымыранмен атқыланып, 2 американдық және бір британдық жауынгер қаза тапты.

Тағы 12 адам жарақат алды. Шабуыл базадан оңтүстікке қарай 5 шақырымдай жерден көлікке орнатылған қару арқылы жүзеге асырылған. Бірақ оны кімдер ұйымдастырғаны белгісіз.

Айта кетейік, Ирактағы АҚШ базасы мен елшілігіне шабуыл қаңтар айынан бастап жиіледі. Оған Америка күштерінің Бағдадта Иран генералы Касем Сулейманиді өлтіруі түрткі болды.

Хабар 24 телеарнасы