443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Харви Вайнштейн 23 жылға сотталды

  • 108
  • UPD: 13:57, 12.03.2020
Харви Вайнштейн 23 жылға сотталды

Голливудтағы бұрынғы продюсер «Харви Вайнштейн адам зорлады» деп айыпталды. Нью-Йоркте өткен процесте сот осындай шешім шығарды.

67 жастағы продюсерді бес айыптаудың екеуіне кінәлі деп танып, оны 23 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ бастапқыда айыптаушы тарап Вайнштейнге максималды жаза мерзімін белгілеп, 29 жылға соттауды сұраған болатын. Еске сала кетсек, 2017 жылы бірнеше актриса Харви Вайнштейннің үстінен шағым түсірген еді. Продюсерді кем дегенде 80 әйел айыптады. Олар ондаған жылдар бұрынғы оқиғаларды баяндады. Айыптаушылардың арасында Анджелина Джоли, Ума Турман, Сальма Хайек болды. Осыдан кейін әйелдер құқықтарын қорғаушылар #MeToo, яғни «мен де» деп аталатын қозғалыс бастады. Оған қатысушылар ықпалды әрі бай адамдардың қырындап, зорлық көрсеткендері туралы оқиғаларды әлеуметтік желілерге жариялайды.

Хабар 24 телеарнасы