426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия коронавирусқа байланысты туристік маусымды кейінге қалдырды

  • 662
  • UPD: 15:03, 12.03.2020
Түркия коронавирусқа байланысты туристік маусымды кейінге қалдырды

Түркияда коронавирусқа байланысты туристік маусымның басталуы сәуірдің 15-іне қалдырылды.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі туроператорлар мен қонақ үйлерге осындай ұсыныстар жіберді, деп хабарлады Анадолу.

Әдетте Түркияда наурыз айының соңында туристерді қабылдау маусымы басталатын.

Сондай-ақ ел билігі Түркияға туристік сапарлар ұйымдастыруды 15 сәуірден кейінгі мерзімге қалдыруға шақырды.

Бұған дейін Туркияда алғашқы коронавирус жағдайы тіркелегенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы