Италияда коронавирусқа қарсы жаңа шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған сәйкес, елде дәріханалар мен азық-түліктен басқа барлық дүкен, мейрамхана, дәмхана, шаштараз жабылады. Шара наурыздың 25-сіне дейін жалғасады. Бұдан бөлек, белгілі топ менеджер Доменико Аркури дәрігерлік-санитарлық төтенше жағдай бойынша еурокомиссар болып тағайындалды. Ал соңғы мәліметке қарағанда, Италияда вирусты жұқтырғандардың саны 12 мың 462-ге жеткен. Дерттен 827 адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, Италияда бірер күн бұрын карантин жарияланып, елдің бүкіл аумағына енгізілген болатын.