447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада биыл инфляция 102,4%-ке жетті

  • 130
  • UPD: 09:19, 13.03.2020
Венесуэлада биыл инфляция 102,4%-ке жетті

Венесуэлада жыл басталғалы инфляция деңгейі 100%-тен асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті мәліметті Парламенттің қаржы жөніндегі комитеті жария етті. Өткен жылмен салыстырғанда, бағалардың саны шамамен 3300%-ке өскен. Осылайша, ең алдымен азық-түлік пен дәрі-дәрмек қымбаттаған.

Айта кеткен жөн, мұнай бағасының құлдырауы салдарынан Венесуэла әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Өйткені мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 95%-і қара алтын экспортына тәуелді. Мұнда ең қажетті тауарлар тапшы. Соның кесірінен 4,5 миллион адам елден кеткен. Кейбір болжамдар бойынша өзге жаққа бас сауғалағандар саны биыл 6,5 миллион адамға дейін жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы