411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кувейтте ақша купюралары карантинде сақталатын болды

  • 288
  • UPD: 10:35, 13.03.2020
Кувейтте ақша купюралары карантинде сақталатын болды

Кувейттің Орталық банкі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ақша купюраларын карантинде сақтайтын болды.

Коронавирустың жұғу ықтималдығын төмендету үшін Кувейтте ақшалар кем дегенде төрт апта жабық қорапта сақталмаса, айналымға жіберілмейді.

Сонымен қатар Кувейт банк қызметкерлерінің де, халықтың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақшаны санау, сұрыптау және төлем құрылғыларын үнемі зарарсыздандырып отырмақ.

Хабар 24 телеарнасы