414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада коронавирусқа қарсы іс-шара күшейтілді

  • 716
  • UPD: 11:28, 13.03.2020

Ел үкіметі 12 наурыздан 3 сәуірге дейін елде карантин жариялап, барлық оқу ағарту орындары жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық орындардағы мерекелік іс-шараларға және спорттық жарыстарға да тыйым салынды. Тіпті шекарадағы өткізу бекеттері де біртіндеп жабылып жатыр.

Төрт жасар Варвара мен 9 жасар Георгий күн ұзақ далада ойнап жүр. Балабақша мен мектепте 12 наурыздан бастап 3 сәуірге дейін карантин жарияланған. Балаларды мұндай тәртіп аса мазалап тұрған жоқ, алайда олардың анасы Аннаның уайымы еселе түскен, екі бала етекте, сондықтан уақыты да тапшы.

Анна, Киев тұрғыны:

- Тәуліктің 24 сағатында балаларға байланып отырмын. Барлық жерге бірге барамыз, бұл әрине, өте ыңғайсыз. Хоккей мен мәнерлеп сырғанауға баратын қосымша уақытта, алайда қазір ол да жоқ, үйірме карантинге жабылған.

Карантин әсіресе, күні бойы еңбектеніп жүрген ата-аналардың жағдайын қиындата түскен. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі компаниялар мен ұйымдарды жұмысшылар қауіпсіздігін бірігіп қамтамасыз етуге шақырады және бірқатар кеңес береді.

Виктор Ляшко, Украина денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Мүмкіндігінше, қызметкерлерге қашықтықтан жұмыс беруді ұйымдастырған жөн. Бұл қоғамдық көліктердегі адам санын азайтуға мүмкіндік береді, аурудың да таралуына тосқауыл. Жұмыс барысы кезінде де адам мен адам арасындағы байланыс айтарлықтай азаятын еді.

Киевте карантинге қатысты айтарлықтай байбалам байқалмайды. Алайда, дүкендердегі сауда бір-ақ күнде бірнеше есеге артқан. Карантин аясында спорттық шараларға да тыйым салынған. Олардың өтуіне рұқсат берілсе де, мұндай іс-шара көрерменсіз ұйымдастырылады. Қоғамдық көліктер кесте бойынша қызмет көрсетуде. Алайда, оларды күніне екі рет тиянақты тазартып тұру міндеттелген. Сондай ақ Украина шекарасындағы 170 өткізу бекеттері жабылды, 49-ы жұмыс жасап тұр.

Айта кету керек, Украинада бір адамға «короновирус жұқтырды» деген диагноз қойылған. Жаңа жағдайлар тіркелсе, үкімет індетке қарсы шараны күшейтпек.

Авторлары: Аида қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы