423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем елдеріндегі Диснейлендтер жабыла бастады

  • 294
  • UPD: 14:28, 13.03.2020
Әлем елдеріндегі Диснейлендтер жабыла бастады

Коронавирустың таралуына қатысты пандемия жарияланған соң әлем елдеріндегі Диснейленд жабыла бастады.

Бұл туралы The New York Times басылымы Walt Disney компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Саябақтар наурыздың 13-і, яғни бүгін жұмысын тоқтатпақ. Ал, 16 күні Диснейленд аумағындағы барлық қонақ үйлерде айдың соңына дейін жабылатын болады. Ал алдын ала брондап қойғандарға ақша қайтарылады. Саябақ басшысы қызметкерлердің жалақысы қысқарылмайтынын айтады.

Айта кетейік, Диснейленд коронаиврус дерегі тіркелген жоқ.

Ал, Princess Cruises компаниясы өз лайнерлерін екі айдай сапарға шығармайтын болды. Компания президенті Ян Шварцтың айтуынша, су көліктері мамырдың 11-інен бастап жолға шығатын болады.

Естеріңізге салайық, жуырда Princess Cruises компаниясының Grand Princess пен Diamond Princess атты екі лайнерінде коронавирус табылып, карантинге жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы