443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалиядағы карантин: жергілікті халық жағажайда қыздырынуда (Фото)

  • 131
  • UPD: 14:24, 13.03.2020
Португалиядағы карантин: жергілікті халық жағажайда қыздырынуда (Фото) twitter.com

Коронавирустың «уысында» қалған әлем елдері бірінен соң бірі карантин жариялап жатқанда, португалиялықтар «кезектен тыс» демалысты тиімді пайдалану үшін жаппай теңіз жағасына аттанған.

Портулияның оңтүстігіндегі танымал Кашкайш жағажайы. Соңғы тәуліктерде ауа температурасы жоғарылағандықтан, күнге қыздырынып жатқан жүздеген адамды көруге болады. Соған қарағанда коронавирус та, елде жарияланған карантин де жергілікті халықтың үрейін ұшыра алмаған тәрізді, деп жазады turist.delfi.ee.

Қазіргі уақытта Португалияда індетті жұқтырғандар саны 41 адамға жетті. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, елдің солтүстігінде – 27, астанасында – 10 және орталық пен оңтүстікте екі оқиғадан тіркелген. Ал Алентежу, Азор аралдары мен Мадейра өңірлері коронавирустан дін аман.

Хабар 24 телеарнасы