419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай дәрігерлері Италия, Иран мен Иракқа коронавирусты жеңуге көмектесуде

  • 561
  • UPD: 17:29, 13.03.2020
Қытай дәрігерлері Италия, Иран мен Иракқа коронавирусты жеңуге көмектесуде

«КОВИД-19» вирусымен күресуде Қытай дәрігерлері өзге елдерге жәрдемдесіп жатыр. Осыған орай аспанасты елінің тоғыз медицина қызметкері Италияның Рим қаласына келді.

Олардың арасында балалар дәрігерлері мен медбикелер бар. Өздерімен 30 тоннадан артық қажетті медициналық қорғаныш жабдықтарын әкелген.

Айта кетейік, екі елдің сыртқы істер министрлерінің арасындағы келіссөздерден кейін Қытай тарапынан Италияға көмек көрсету шешімі қабылданды. Дәл осындай гуманитарлық жәрдем Иран мен Иракқа да жөнелтілді.

Хабар 24 телеарнасы