426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ қызметкерлеріне қашықтықтан жұмыс істеуге рұқсат берді

  • 362
  • UPD: 17:54, 13.03.2020
БҰҰ қызметкерлеріне қашықтықтан жұмыс істеуге рұқсат берді

Бельгия үкіметі коронавирусқа байланысты мектептерді жауып, студенттерді онлайн түрде оқытып жатыр.

Мейрамханалар мен дәмханалар жабылып, бұқаралық шаралар өтпейтін болды. Брюссельдегі Еуропалық комиссияның қызметкерлері 16 наурыздан бастап қашықтықтан істейтін болды. Женевадағы БҰҰ бөлімі де жұмыстың осы тәртібіне көшті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қауіп деңгейін неліктен көтергенін түсіндірді. Біріншіден, бұл вирустың тарау жылдамдығы мен ауқымына байланысты. Бүгінде әлемнің 118 елінде 125 мыңнан аса адам бұл дертті жұқтырған. Соңғы екі аптада Қытайдан тыс аумақта науқастардың саны 13 есе артып, 37 мыңнан асып кетті. Ал ауру бәсеңдей бастаған бұл ел індетпен күресу бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Майкл Райан, ДДСҰ төтенше жағдайлар бойынша атқарушы директоры:

- Қытай секілді елдер осы стратегияны қатал ұстануы жақсы нәтиже беретінін көрсетті. Бұл ел өзге мемлекеттерге өз көмегін ұсынды. Біз олармен ынтымақтасып, вирустан сақтанудың жеке құралдары мен өзге жабдықтарды жеткізу бойынша жұмыс істеп келеміз. Дерттен ең көп зардап шеккен Италия және Иранға қол ұшын созып, жәрдем беруге тырысқан Қытайға алғысымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы