423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эверестке шығуға тыйым салынды

  • 506
  • UPD: 18:52, 13.03.2020
Эверестке шығуға тыйым салынды

Әлем елдерінде коронавирустың таралуына байланысты Непал билігі туристер мен альпинистер үшін Эверестке шығуға тыйым салды.

Шектеу наурыздың 14-інен сәуірдің 30-на дейін жалғаспақ. Сонымен қатар аймаққа келген шетел азаматтарына уақытша виза берілмейтін болды. Ал ережеге бағынбай бұл елге кіргендердің барлығы алдымен 14 күн карантинде болуы керек.

Айта кетейік, қазір Непалда тек бір адам ғана КОВИД 19 вирусына шалдыққан. Ал, көрші тұрған Үндістанда дімкәс жандардың қатары 70-тен асты.

Хабар 24 телеарнасы