427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения валютасының бағамы құбылып тұр

  • 260
  • UPD: 23:52, 13.03.2020

Бірер күн бұрын әлемдік нарықта мұнай арзандап, талай елдің валютасы құнсызданып еді, енді металдың бағасы түсіп кетті. Бұдан әсіресе Армения секілді мыс өндіретін елдердің экономикасына үлкен қатер төніп тұр. Бұл елдің жалпы экспортында жаңағы металдың үлесі 24 процентке жуық.

Туроператор шетелден келген қонақтарды күтуге дайындалып жатыр. Биылғы көктемде компания 500-дей саяхатшының демалысын ұйымдастыруды көздеп отыр. Олардың көбісі ТМД елдерінің азаматтары.

Максим Григорян, туристік компанияның қызметкері:

- Валюта бағамының ауытқуы тұтынушыларымызға әсер етпеуі керек. Бізге қонаққа келсе қажетті деңгейде қабылдау үшін барын салуға тиіспіз. Әзірге Армениядағы туризм бұрынғыдай бірқалыпты, алайда бір-екі аптадан кейін не болатынын айту қиын. 

Дегенмен, кейбір сарапшылар туристер саны азаятынын ескертті. Кавказ институтының ғылыми қызметкері Грант Микаэляннің пікірінше, ел экономикасы 2008 және 2014 жылдармен салыстырғанда берік. Ол әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан Армения экономикасы өсетінін болжап отыр. 

Грант Микаелян, Кавказ институтының ғылыми қызметкері:

- Сыртқы құбылыстар экономикамызға тікелей әсер етпейді және тез арада білінбейді. Егер дағдарыс ұзаққа, мәселен, 4 айға созылса, сонда жағдай қиындай түседі. Бірақ дағдарыс соншалықты ұзаққа баратынына күмәніміз бар. 

Драм бағамы құбылғандықтан банк салымдары долларға ауысатын түрі бар. Бұрында да осындай үрдіс байқалған болатын.  

Грант Микаелян, Кавказ институтының ғылыми қызметкері:

- Долларға тәуелділігіміз жоғары, үкімет бұған қарсы шара қабылдауға тырысып келеді. Тыйым салынғанымен ірі сауда-саттық негізінен доллармен өтеді. 

Сарапшылар ел экономикасына басты қатер әлемдік нарықта металдар бағасының арзандауынан төніп тұрғанын ескертеді. Өткен жылы Армения мысты Қытай, Болгария, Швейцария және Канадаға экспорттаған. 

Авторы: Лаура Жүсіпбекова

Хабар 24 телеарнасы